Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Ақмешіт филиал музейінде «Қарлығаш» шеберлер орталығының қолдауымен «Әйелдер ‒ әдемілік әлемінің падишасы» атты көрме ұйымдастырылды.
Қай халықтың болмасын ұлттық колөнер бұйымдарына қарап сол халықтың мәдениеті мен дәстүрін байқауға болады. Ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ұлттық қолөнерді қадірлеу, дамыту және келер ұрпаққа табыстау басты парызымыз.
Ұлтымыздың салт-дәстүрін ұлықтайтын көрмеде Гүлнар Рамазанова, Бағила Кенжалиева, Қарлығаш Ильясова, Тұрғанкүл Әлайдарова, Ордагүл Сырымова, Манат Сейіл және тағы да басқа қолөнер шеберлерінің бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды. Атап айтар болсақ, оюлы көрпешелер, киізден жасалған түрлі бұйымдар, жастықтар, кәдесыйлар, ұлттық киімдер мен сөмкелер болды. Шара барысында әшекей бұйымдар жасаудан шеберлік сағаты да өткізілді.
Марияш Әлжанова, қолөнер шебері: «Қазіргі уақытта халықтың басым көпшілігі табиғи өнімдерді қолдануды жөн санайды. Тұтынушылардың сұранысы бойынша қойдың жүнінен бұйымдар жасаумен айналысып жүрмін. Бүгінгі шараға ата-бабаларымыз көшкен кезде қолданған есе қап, тұтқыш, киізден жасалған жапқыштар, аяққап және қаршын деп аталатын бұйымдарды әкелдім.
Әйелдердің ішкі жан дүниесіндегі нәзіктікті, жылулық пен сұлулықты, тұрақтылық сезімдерін өз өнерлері арқылы жеткізу мақсатында ұйымдастырылған  көрмеде Қазақтан қолөнершілер одағының өкілі Қарлығаш Ильясова, «Жас Отан» Жастар Қанаты облыстық филиалы төрағасының орынбасары Әнуар Тоқтамысов нәзікжандыларды алдағы мерекемен құттықтады. Шара соңында қөлөнер шеберлеріне алғыс хаттар табысталды.
 Жансая ҚЫДЫРБАЙ,
11 наурыз 2018 ж. 3 485 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9253)

09 қараша 2024 ж.

№88 (9252)

05 қараша 2024 ж.

№87 (9251)

02 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930