Арман асқан асулар
Тұрғындардың мәдени демалысын ұйымдастыру, ұлттық салт-дәстүрді сақтау және дамыту, халықтың рухани мәдениетін жоғары дәрежеге көтеру мақсатында Көкшоқы мөлтек ауданындағы «Арман» мәдениет үйі жоспарлы түрде жұмыс атқарып келеді
Ұлттық мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді концерттер, түрлі мазмұндағы шаралар, фестиваль-байқауларға қатысу арқылы дамытып жүрген мәдениет үйінде би, ән, сурет салу, сахналық қойылым, сымбат-сұлулық бағыты бойынша 5 үйірме жұмыс жасап жатыр. Аталмыш үйірмелерде 180 бала қамтылған.
Мәдени шаралар арқылы жасөспірімдердің білім-білік дағдыларын қалыптастыру, Отан, Ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, ізденімпаздыққа баулу жолында үздіксіз жұмыс жасауда. Жастардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыру мәдениет үйінің қызметкерлері ұстанған қағидалар. Жасап жатқан жұмыстары да жеміссіз емес. Үйірме оқушылары көптеген байқаулар мен жарыстардан қанжығалары майланып-ақ оралуда. Атап айтқанда, республикалық «Аналар – асыл жандар» ән-би, көркем сөз, қолөнер, сурет байқауында оқушылар жүлделі 1,2,3 орындармен және бас жүлдемен марапатталыпты. Ал, «Әнім сенсің – туған ел» аудандық ән сайысында Бекарыс Бауыржан 1 орынды иеленсе, мәдениет үйі ұжымы «Үздік клуб-2017» облыстық байқауында 1 орынды жеңіп алған. «Сырдың азаматы – өнердің қазанаты» облыстық әдеби оқулар байқауында Алмас Мұратұлы 2 орыннан көріне білді. Сонымен қатар, «Мәдениет өркенін бізбен бірге жаса» облыстық мәдени қызметкерлер байқауында да ұжым қызметкерлері оқ бойы оза шауып, жүлделі 3 орынға тоқтаған. «Сурет және қолөнер үйірмесінің» он саусағынан өнері тамған оқушылары Астанада өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде өз туындыларымен ерекшеленген.
Міне, осынау жемісті де жеңісті өнер ұжымы «Өнерге қанат қаққандар» атты есеп беру концертін өткізді. Керемет кештің шымылдығы «Сахналық қойылым» үйірмесінің оқушылары сомдаған шағын көрініспен түрілді. Мұнан соң, мерекенің алғысөзін алған аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов ұжым қызметкерлері мен балаларды құттықтап, ыстық ықыласын жеткізді. Салтанатты шараны аталған мәдениет үйінің өнерпаз оқушылары түрлі жанрдағы әндермен әрлеп, күймен көмкеріп, өлең-жырмен өңін ашып, бимен сәнін келтіре түсті.
Шара соңында «Арман» мәдениет үйінің директоры Нұргүл Шалекеева қонақтарға лебізін білдіріп, өнерді өзіне серік еткен өрендерді марапаттады.
Концерт үйірме оқушыларының орындауындағы мәдениет үйінің гимнімен өз мәресіне жетті.
Д.ӘБІЛАСАНҚЫЗЫ.