Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңғыру жаңашылдыққа бастайды

Жаңғыру жаңашылдыққа бастайды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы ұлттық сананы жаңаша қалыптастыру, басқа елдердің озық тәжірибесін, жетістіктерін бойға сіңіріп, пайдамызға асыру туралы айтқанын зиялы қауым қуана құптап отыр. Білімге ұмтылу, жақсыға үйрену, жаманнан жиренуді ата-бабаларымыз баяғыда айтқан. Бұл енді ұлттық идеологиямызға айналып отыр. «Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек» деп айтқан болатын мақаласында мемлекет басшысы.
Ұлттық сананы жаңғыртқанда өзіміздің, қазақстандық дербес даму үлгісін қалыптастыруымыз керек. Бұл дегеніміз – қазақтың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, ең бастысы, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, қазақи рухымызды жаңғырту. Бұл ретте Президенттің жаңғыру ұғымының мейлінше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдыларымыз бен әдеттерден арылуымыз керек деген сөзінің жаны бар. Өйткені бұл – өмір заңы, даму заңдылығы.
Сонымен қатар, жалпыұлттық патриотизм ұғымын кеңейтуге бағытталған «Туған жер» бағдарламасы туралы да Елбасы өзінің мақаласында жан-жақты түсініктер берген. Бұл бағдарламаның халқымызға жаңа рух, жаңа серпін беретіні анық. Бұл бағдарланған мақала аясына тарихымыз да, руханиятымыз да кіріп кетеді. Соның нәтижесінде, болашақта елін, жерін, халқын сүюге қазақша тәрбиеленген нағыз қазақстандық жаңа буын пайда болады.

Нұргүл Төлегенова,
№206 Жиделіарық орта мектебінің, математика пәнінің мұғалімі.
10 ақпан 2018 ж. 1 278 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930