Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шәкәрім қажының бұйымдары тұңғыш рет көпшілік назарына ұсынылды

Шәкәрім қажының бұйымдары тұңғыш рет көпшілік назарына ұсынылды


Семейдегі Абай мұражайында Шәкәрім қажының өзі тұтынған бұйымдары тұңғыш рет көпшілік назарына ұсынылды. Ойшыл тұлғаның дүниеге келгеніне биыл 160 жыл толады. Осыған байланысты ұйымдастырылған арнайы көрмеге 100-ден астам көне жәдігер қойылды. Жұртты таң-тамаша қалдырған – шоқпар мен саптыаяқ. Бұл заттарды музейге ақынның немерелес туыстары тапсырыпты. Сонымен қатар көрмеде Шәкәрімнің шығармалары, қолжазбалары, фотосуреттерімен танысуға болады. Мерейтой қарсаңында ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен тағылымдық кештер өткізу де жоспарда тұр. Болат Жүнісбеков, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының директоры:  - Қанша Шәкәрім қажыны қапасқа салып, шығармаларын оқытпай, ілуде бір адам болмаса, Шәкәрім қажының шығармалары жасырын оқылған. Ел бір-біріне айтуға қорыққан. Сол заманнан аман-есен шығып отырғанның өзі – кезінде өлеңдері мен сөздеріне Шәкәрім «ажалсыз әскер» деп тақырып қойған екен. Сол Шәкәрімнің ажалсыз әскері, міне, халқымен бірге тәуелсіздікке жетіп, еліміздің бүгінгі бақытты өміріне куә болып отыр.

24.kz
18 қаңтар 2018 ж. 1 759 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031