Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол жаңарып, тротуар түзелді

Жол жаңарып, тротуар түзелді


Қыс ауасы бізде солтүстік аймақтағыдай емес. Ол жақпен салыстырғанда біздікі едәуір жылы. Сондықтан өлкемізде қардан гөрі жаңбырдың жиі жауып жатқанын көреміз. Осы жаңбырдың жиі жаууы, қардың тез еріп кетуі салдарынан жер айнала батбақ болып, көліктер мен жаяу жүргіншілерге қиындық тудырып жататыны жасырын емес.
«Жол азабын жүрген білер» демекші ауданымыздың тозған жолдарына автокөлік жүргізушілері наразылықтарын жиі білдіріп жататын. «Көліктеріміз жиі бұзылады, жаңбырлы күндері ойылған шұқырлар суға толып, жолдың тегіс, болмаса ой жерлерін ажырата алмай жатамыз» дегенін де құлағымыз шалады. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілерге арналған жолдың болмағандығынан көп жандар лайдың арасынан аяқ басар жерді іздеумен әлек болатын. Бұл туралы газетімізде талай мақала жарияланған еді.
Бірақ, биыл айтылған мәселе шешімін тауып, ауданымыздың көшелеріне тас төселіп, асфальтталды. 2017 жылдың 10 айының өзінде шұқырлар бітеліп, жаяу жүргіншілерге жол салынды. Нақтырақ тоқталсақ, жоба-сметалық құны 5 млн. теңгеге бағаланған Қ.Әбдіқадыров көшесі 480 метр, Т.Рысқұлов тұйығы 150 метр, ГРП-23 атауы жоқ көшесі 340 метр, М.Маметова тұйығы 200 метр, Бұқар жырау және Гагарин көшелерінің арасын қосып жатқан көше 360 метр, Шәкәрім көшесіне 310 метр жолға орташа жөндеу жүргізіліп, қиыршық тас төселген.
Шиелі кенті ішіндегі ұзындығы 9648 метрді құрайтын 32 көшеге құны 30 млн. теңгеге бағаланған орташа жол жөндеу жұмыстары үшін жоба-сметалық құжаты әзірленіп, қиыршық тас төселді. Атап айтар болсақ, Арай м/а атаусыз 3 (үш) көше 640 метр, М.Қалдыбаев көшесі 165 метр, Асқаров көшесі 516 метр, Жүргенов тұйығы 175 метр, Ж.Молдағалиев көшесі 260 метр, Кәрімбаев көшесі 245 метр, Қажымұқан көшесі 437 метр, Б.Момышұлы көшесі 382 метр, Д.Өмірбеков көшесі 305 метр, ГРЭ-2 көшесі 179 метр, Нәлібаев көшесі 540 метр, ГРП көшесі 540 метр, Нәлібаев пен ГРП көшелерінің аралығы 120 метр, Жұбанов көшесі 374 метр, Нұрекеев көшесі 540 метр, Нүрекеев тұйығы 128 метр, Оразов тұйығы 240 метр, А.Есенбайұлы 515 метр, Панфилов көшесінің оң жағы 505 метр, Панфилов көшесінің сол жағы 640 метр, Панфилов тұйығы 60 метр, М.Маметова көшесінен 160 метр, Байсын көшесі 165 метріне жөндеу жұмыстар жүргізілген.
Бағалық құны 38 млн. теңгеге бағаланған Шәкәрім көшесінен 390 метр, Байтұрсынов көшесінен 434 метр, Алпамышов көшесі 450 метр, Қазантаев тұйығы 90 метр, Арай м/а 1 көше 510 метр, С.Есенов көшесі 417 метр жолға асфальт төселді.
Жалпы бағалық құны 20 млн. 309 мыңға бағаланған Арай м/а-нан 530 метр, Қабанбай батыр 1100 метрге қиыршық тас төселіп, Бұдабай көшесінің аяқ жағынан 370 метр, Д.Нүрпейісова көшесінен 650 метр жол асфальтталды.
Жоба-сметалық құжатта 27 млн. 728 мыңға бағаланған Жүргенов көшесін (Төле би көшесі мен орталық парк аралығы) 210 метр, Төле би көшесінен (әл-Фараби мен Жүргенов көшелері аралығы) 450 метр, Сейфуллин көшесінен (Бұдабай мен Кәрімбаев көшелерінің аралығы) 157 метр, Жақаев көшесінен (автобекеттен Байтұрсынов қиылысына дейінгі аралық) 323 метр, Абай көшесінен 450 метрге асфальт төсеу жұмыстары жүрген.
2017 жылы Жақаев көшесінің бойынан 4440000 теңгеге 430 метрге, Есабыз көшесінен №48 мектепке дейінгі аралыққа 3404800 теңгеге 420 метрге, Досбол датқа көшесіне 4700000 теңгеге 800 метрге жаяу жүргінші жолы салынды.
Ерұлан ДАТКЕНОВ.
04 қаңтар 2018 ж. 1 650 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031