Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» »  Қытайда дыбысты сүйектен өткізетін Bluetooth-құлаққап шығарылды

 Қытайда дыбысты сүйектен өткізетін Bluetooth-құлаққап шығарылды


Жол апатына жаяу жүргіншілердің көбі құлаққап киіп, ұялы телефоннан бас алмаудың салдарынан ұшырайды. Айналадағы дыбыстан оқшауланып, назары тек смартфонға ауған адамның қауіп-қатерге душар келетіні белгілі. Қытайда осыған байланысты дыбысты сүйектен өткізетін инновациялық Bluetooth-құлаққап шығарылды. Бұл құрылғы дыбысты есту органының ішкі жағына самай сүйегі арқылы жібереді. Сонда адамның нәзік келетін дабыл жарғағына зиян келмейді екен. Оның үстіне жүргінші айналасындағы көлік пен адамдардың дауысын музыка ойнап тұрса да еститін болады. «Инновациялық өнертабыс үлкен мегаполистерде жаяу жүргіншілердің өмірін жол-көлік оқиғаларынан сақтап қалады», – дейді өнертапқыштар. Жаңа Bluetooth-құлақап жуықта «China high tech-2017» көрмесінде көпшілікке таныстырылып, бірден халықтың қызығушылығын тудырды.
24.kz
30 қараша 2017 ж. 2 583 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031