Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектебім – өнерімнің кәусар бұлағы

Мектебім – өнерімнің кәусар бұлағы

Алғашқы сөзді алған мектеп директоры Сәлима Төлесқызы Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының өзекті тұстарына тоқталды. Сонымен қатар, аталмыш мектепте білім нәрімен сусындаған Нариман Мизамбаев туралы, оның туындыларының басым көпшілігі жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, жақсылыққа шақыратынын тілге тиек етті. Слайд арқылы жергілікті сазгер туралы мағлұматтар берілді. Аудандық әуез мектебінің ұстаздары мен шәкірттері композитордың туындыларын сахна төрінде шырқады.
Мектептің «Жас журналист» үйірмесінің дайындаған сұхбаты көрсетілді. Бейнероликте Нариман туралы сыныптастарының, ұстаздарының пікірі тыңдалды. Мектеп оқушылары өздерін қызықтырған қызықты сұрақтарын қойды. Кеште Нариман Мизамбаевтың бүгінгі күні Қызылорда қаласындағы Қазанғап атындағы музыкалық колледжінде ІІІ курста оқитын, өмірін өнерге бағыттап, әке жолын қуып келе жатқан ұлы Нұрғалидың «Ақсақ құлан» сынды күйлері көрермендерінің таңдайын қақтырды. Оқушылардың рухани байлығын арттыратын әндер мен әңгімелер айтылды. Кешке қатысушылар Отанға, отбасына, туған жері мен білім алған ортасына деген құрмет туралы түсінді.

Бақытжан БӘЙІМБЕТ.
30 қараша 2017 ж. 1 770 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (9248)

22 қазан 2024 ж.

№83 (9247)

18 қазан 2024 ж.

№82 (9246)

15 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031