Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ата­-анам қауіпсіз жұмыс істейді» атты сурет байқауы өткізілді

«Ата­-анам қауіпсіз жұмыс істейді» атты сурет байқауы өткізілді


Шиелі ауданынының №6 кен басқармасы мен №127 Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-лицейі сәтті жұмыстар атқаруда. Әртүрлі байқаулар болса, бір-біріне қолдау көрсетеді. Шығармашылық болсын, түрлі-түрлі сайыстарға оқушыларды қатыстырады. Олардың келешекке қарай қадам басуына көмектеседі.
Жақында, халықаралық қауіпсіздік және денсаулық күніне орай, «Ата-анам қауіпсіз жұмыс істейді» атты балалар арасында сурет байқауы өткізілді.
Сайысқа 7 жастан 12 жасқа дейін балалар бақтарын сынады. Аталмыш байқауға балалардың 98 суреттері келіп түсті. Нәтижесінде, жүйріктен-жүйрік озған балалар жүлделі орындарға ие болып, бағалы сыйлықтар алды. РУ-6 ЖШС кен басқармасының бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Владимир Шаванда бастаған әділқазы мүшелері байқаудың жеңімпаздарын анықтады. Балалардың шығармашылық жұмыстары РУ-6 ЖШС кен басқармасының көрмесінде қойылды.
Ынталандыру сыйлықтары Елікай Алияр, Әсет Қосыбаев, Жомарт Оспан, Нұрдан Аманбаеваға табысталды. Ал, 3-орынды Жеңіс Арманұлы, 2-орынды Нұрмұхамеджан Сафи, 1-орынды Ұлықбек Мәлік иеленді. Жеңімпаздар мен арнайы сыйлыққа ие болғандарға велосипед, скейтборд тарту етілді.
– «Балдырғандарға бұл байқау қатты ұнады және олар оған бар ықыласпен қатысты. Барлық ата-ана мен педагогтар РУ-6 ЖШС кен басқармасына алғыстарын білдіреді деді» – бізге берген сұқбатында №127 Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-лицейі директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Дина Дүйсекова.
Мақсұт Ибрашев.
12 мамыр 2018 ж. 3 045 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (9374)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (9373)

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (9372)

21 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728