Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада Байқоңыр туралы балалар сурет көрмесі ашылады

Астанада Байқоңыр туралы балалар сурет көрмесі ашылады

Ертең «Жердің алғашқы жасанды серігінің ұшырылуы Байқоңыр балаларының көзімен» атты балалар суреттері көрмесінің ашылуы өтеді. 01.02.2018 1702 Көрме - жердің алғашқы жасанды серігінің ұшырылуына 60 жыл толуына арналған ауқымды шара. Бұл бастаманы алғаш рет 2017 жылы Байқоңыр ғарыш айлағының негізін салған Г.М. Шубников атындағы № 1 орта мектеп оқушылары бастаған болатын. Сонымен бірге бұл шараны Байқоңыр қаласындағы білім беру мекемелерінің оқушылары да қолдап, нәтижесінде байқоңырлық оқушылар 5,5 мыңнан астам сурет дайындады. Бір мезгілде екі құқықтық негізде қызмет ететін «Байқоңыр» кешенінің айрықша мәртебесін ескере келе, балалар өз шығармаларын Қазақстан және Ресей Президенттеріне жолдауға шешім қабылдады. Суреттерді Астана және Мәскеуге жіберу – бұл серікті ұшыру және орбитаға бағыттау нышанын білдіреді. Шығармалардың бір бөлігі Мәскеудегі Ресей Федерациясының Қоғамдық палатасында көрсетілмек. ҚP Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевқа 200 сурет топтамасы жіберілді. Балалардың барлық шығармалары «Балалық шақтан көзқарас» жобасы аясында Астана қаласындағы Елбасы кітапханасының Музейінде өткізілетін көркемсурет көрмесінде қалың жұртшылыққа ұсынылатын болады.  

Толығырақ: https://egemen.kz/article/164464-astanada-bayqonhyr-turaly-balalar-suret-koermesi-ashylady
Материалды көшіріп басқанда Egemen.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз!
29 қаңтар 2018 ж. 3 137 0