Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбек қауіпсіздігі – балалар көзімен

Еңбек қауіпсіздігі – балалар көзімен


Өңірдегі іргелі өндіріс кәсіпорындарының бірі №6 кен басқармасы Шиелі кентіндегі №127 Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-лицейіне жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.

Соның бірі – жыл сайын өткізілетін сурет байқауы. Биыл ол «Еңбек қауіпсіздігі – балалар көзімен» атты тақырыппен өткізілді. Сайыс­та 7 жастан 12 жасқа дейінгі балалар бағын сынады. Байқауға балалардың 150 суреті келіп түсті. Соның нәтижесінде ойы озық балалар жүлделі орындарға ие болып, велосипед, дрон, роликті коньки, доп секілді бағалы сыйлықтарға ие болды. Байқаудың жеңімпаздарын №6 кен басқармасының бас директоры Бегалы Қосмұратов бастаған әділ қазы мүшелері анықтады. Балалардың шығармашылық жұмыстары кеніш көрмесінде қойылып, көпшілік оны тамашалауға мүмкіндік алды. №127 Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-лицейі оқушылары арасында өткен сайыста Раяна Нұртазаева, Әмір Жанияз, Еңлік Әлияр, Нұрай Абдімәжитова сынды өнерлі ұл-қыздар жүлдегер атанды. Ал №6 кен басқармасы қызметкерлерінің балалалары қатысқан сурет байқауында Мирас Маханбетжан, Айым Батырханқызы, Гүлжамила ­Ибраимова,­­ Аяулым Балтабаева, Аян Асқарбекұлы сынды жас суретшілер оза шауып, бәйге алды.
Өз кезегінде ұстаздар қауымы мен ата-аналар осындай тағылымды шара өткізуге мұрындық болған кеншілерге өз алғыстарын білдірді.

Мақсұт ИБРАШЕВ
13 шілде 2019 ж. 1 724 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30