Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "АДАЛ АДАМ - АДАЛ ТАБЫС - АДАЛ ЕҢБЕК" ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

"АДАЛ АДАМ - АДАЛ ТАБЫС - АДАЛ ЕҢБЕК" ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Кеше №127 Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-лицейінің мәжіліс залында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда айтқан «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты мектептің тарих пәнінің мұғалімдері және жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.
Кездесуге Шиелі аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері - білім саласының ардагері, тіл жанашыры, "Қазақ тілі қоғамы" ҚБ Шиелі аудандық филиалының төрағасы, аудандық Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Сағындық Сұлтан, Шиелі ауданының Құрметті азаматы, жеке кәсіпкер, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы П. Маханбет, облыстық "Кызылординские вести" газетінің Шиелі, Жаңақорған аудандары бойынша меншікті тілшісі, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Мақсұт Ибрашев, мектеп директоры Гүлшара Бердәліқызы, облыстық "Қоғамдық келісім" мекемесінің Шиелі аудандық этносаралық сарапшы Біржан Өтебаев, аудандық қоғамдық даму бөлімінің әдіскері Гүлжанат Сейтова, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімдері және жоғары сынып оқушылары қатысты.
Кездесуді Біржан Өтебаев модераторлық жасап ашып беріп, жүргізіп отырды. Кездесуге келген АТТ мүшелерімен таныстырып, мақсат-міндеттерін түсіндірді.
Әрі қарай сөз топ мүшелеріне беріліп, аудандағы татулық пен бірлікті және ортақ құндылықтарды қалыптастыру, мемлекеттік тілдің дұрыс қолдануы және адамдардың тегінің қазақша жазылуы туралы, елдің ауызбіршілігі, жастарды кәсіпкерлікке баулу, дұрыс мамандық таңдау туралы тәлім-тәрбие беретін ақпараттар айтылды.
Сонымен қатар, жиынға қатысып отырған болашақ түлектерге "Адал адам" дегенді қалай түсінесіз? және арманың қандай мамандық иесі болғың келеді? деген қонақтар тарапынан қойылған сауалдарға өз кезегінде оқушылар ойларын еркін жеткізіп, жан-жақты ойлайтындықтарын білдіріп жауаптар берді.
Кездесу соңында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғалия Оспанова сөз алып, айтылған тәрбиесі мол, мазмұнды ақпараттармен бөліскен ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
16 мамыр 2024 ж. 179 0