АУДАНДЫҚ КІТАПХАНА ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Шиелі аудандық орталық кітапханалар жүйесінің "Коворкинг" орталығында Шиелі аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының жылдық жоспарына сәйкес, отбасыға-жанұяға, Отанға, жұмысына деген адалдық – парасаттылық пен адамгершілікті және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында Шиелі аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының өкілдері «Адал адам - әділ қоғам негізі» және "Бірлігіміз әралуандықта" тақырыптарында кітапхана қызметкерлерімен кездесу өтті.
Кездесуге АТТ мүшелері - аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Исабек Байкенжеев, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Патима Маханбет, аудандық "Өскен өңір" газетінің бас редакторы Нұрболат Пірімбет, аудандық қоғамдық даму бөлімінің әдіскері Гүлжанат Сейтова, «Қоғамдық келісім» КММ Шиелі аудандық этносаралық сарапшы Біржан Өтебаев, аудандық кітапхана директоры Г. Жақыпова қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Кездесу барысында АТТ мүшелері аудандағы қоғамдық келісім мен этносаралық қатынастарды дамыту бағытында қолға алынған ауқымды істер, елдің тынышығы мен ауызбіршілігі, Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан - Адал азамат» қағидасы және ауданның барлық елді мекеніндегі клубтар мен мәдениет үйлерінен жас ұрпақты отаншылдық және мемлекетшілдікке, патриоттыққа тәрбиелейтін үйірмелері бар «Адал адам» мәдени-тәрбие орталықтары ашыла бастайтындығы және кітапханаға қатысты кең көлемдегі жұмыстар жөнінде айтылды.
Кездесуге қатысушылар өздерінің түрлі салаларға қатысты сауалдарын қойылып, тұщымды жауаптарын алып, жақсы көңіл күймен қорытындыланды.
Кездесу соңында мекеме басшысы тарапынан ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне жұмыстарына сәттілік тілеп, ризашылықтарын білдірді.