Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТІЛ МӘСЕЛЕСІ ТҰҒЫРДАН ТҮСПЕЙДІ

ТІЛ МӘСЕЛЕСІ ТҰҒЫРДАН ТҮСПЕЙДІ

Жуырда аудан әкімдігінің мәжіліс залында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қоғамдық бірлестігі Қызылорда облысы Шиелі аудандық филиалының кезекті VIII есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференцияға аудан әкімі Н. Әскербекұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры Ж. Егізбаев, аудан әкімінің орынбасары А. Есмаханов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Исмаил, «Шарайна-Сейхун» газетінің директор-редакторы Н.Елтай, «Өскен өңір» газетінің бас редакторымемлекеттік мекемелердегі «Қазақ тілі» қоғамы бастауыш ұйым төрағалары, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі Шиелі аудандық филиалының басқарма мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Конференция барысында күн тәртібіндегі 3 мәселе қаралды. Алғашқы мәселе бойынша «Қазақ тілін дамыту – өзекті мәселе» тақырыбында филиал төрағасы С. Сұлтан баяндама жасады. Күн тәртібіндегі екінші мәселеге қатысты филиалдың тексеру комиссиясының есебі туралы комиссия мүшесі Р. Құдайбергенов хабарлама жасады.
Сонымен қатар, «Шарайна-Сейхун» газетінің бас редакторы Н. Елтай, №205 орта мектеп директоры А. Есім, аудандық тілдерді және мәдениет бөлімінің бас маманы Ж. Отарбаеваның баяндамалары тыңдалды.
Үшінші мәселе бойынша аудандық филиалдың басқарма алқа мүшелері, төрағасы, тексеру комиссиясының құрамы және облыстық конференцияға делегаттар сайланды.
Конференция соңында ұсыныстар мен пікірлер айтылып, аудандық филиал төрағасы болып С. Сұлтан, төрағаның орынбасары болып орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Г. Жақыпова тағайындалды.

Нұрай ҚАЛЫШБЕКОВА
29 қазан 2021 ж. 604 0