Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АТТ: ШИЕЛІ ИНДУСТРИАЛДЫ-АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

АТТ: ШИЕЛІ ИНДУСТРИАЛДЫ-АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің мәжіліс залында Шиелі аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының жылдық жоспарына сәйкес, "Ел бірлігі - ел теңдігі" және "Адал адам - ұлт байлығы" тақырыптарында колледж оқытушылары және жоғары курс студенттерімен кездесу өткізілді.
Кездесуге колледж директоры Мейрамхан Мұсаханұлы, аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Исабек Сәрсенбайұлы, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Патима Шаймерденқызы, аудандық "Өскен өңір" газетінің бас редакторы Нұрболат Сәдуақасұлы, аудандық қоғамдық даму бөлімінің әдіскері Гүлжанат Әлиярқызы, «Қоғамдық келісім» КММ Шиелі аудандық этносаралық сарапшы Біржан Бақтыбайұлы, колледж директорының орынбасарлары мен оқу шеберлері қатысты.
Кездесуді колледж басшысы Мейрамхан Дүйсенов ашып беріп, келген қонақтармен таныстырып, келу мақсат-міндеттерін түсіндіріп берді.
Әрі қарай сөз топ мүшелеріне беріліп, жастарды патриоттыққа тәрбиелейтін үйірмелері бар «Адал адам» мәдени-тәрбие орталықтарының маңыздылығы жөнінде әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, ауданда жүзеге асырылып жатқан жобалар мен этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту, этнобағытталған бірлестіктердің жұмыстары, өңірімізде мекен еткен барлық этнос өкілдері достықтың қаймағы бұзылмауы жолындағы еңбектері жайлы айтып өтті.
Кездесуге қатысушы студенттер өздерінің ойларында жүрген ойларын ортаға салып, қызықты ақпараттармен бөлісіп, қонақтармен диалог құрып, сұрақтарына жауаптар алды.
Кездесу соңында колледж директорының тәрбие-оқу ісі жөніндегі орынбасары Бақтияр Таубайұлы сөз алып, айтылған тәлім-тәрбиесі бар мазмұнды ақпараттармен бөліскен ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Ал білім алушы студенттер алдағы уақытта осындай мазмұнды кездесулер жалғасын тапса деген пікірлерін білдірді.
23 ақпан 2024 ж. 160 0