Референдум – ел болашағын айқындайтын қадам
Баршаңызға мәлім Мемлекет басшысы Ата-заңға түзетулер енгізу үшін жалпыхалықтық референдум өткізу туралы шешім қабылдады.
Бүгін референдумға байланысты құрылған штаб мүшелері, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының Шиелі аудандық басқарма төрайымы, аудандық мәслихат депутаты Әбдіқадірова Айткүл Әлікызы, Ауған соғысының ардагері, "Патриот жастар" бірлестігінің төрағасы Серікбай Берімбетов, Шиелі аудандық"Өскен өңір" газетінің редакторының орынбасары Гүлнар Дүйсебай Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің білім алушылары мен қызметкерлерінің арасында РЕФЕРЕНДУМ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ кездесу өткізді.
Кездесуді колледж директорының міндетін атқарушы Дайрақұлов Бахтияр Таубайұлы ашып берді. Келген қонақтар 2022 жылғы 5 маусымда өтетін республикалық референдумның өту барысы туралы кеңінен түсіндіріп, қойылған сауалдарға жауап берді.
Кездесу соңында "Аmanat"партиясы Шиелі аудандық филиалына қарасты "Орман шаруашылығы" БПҰ-ның төрайымы Аңламасова Уміткүл Қыпшақбайқызы
елінің келешегі мен ұрпағының болашағы алаңдататын әр қазақстандық Президент ұсынған Конституцияға енгізілетін өзгерістер бойынша өткізілетін бүкілхалықтық референдумда дауыс беру арқылы өз үнін қоса алатынын атап өтті. Ары қарай білім алушылар патриоттық әндер айтып, референдумды бір ауыздан қолдайтындықтарын жеткізді.