Референдум – ең маңызды мәселелерді халық болып шешудің тетігі
Бүгін Шиелі аудандық қоғамдық штаб мүшелері Аудандық әйелдер кеңесі төрағасының орынбасары Қ.Ыханова, облыстық «Атамекен» палатасы өңірлік кеңесінің мүшесі, Қазақстан Іскер Әйелдер Ассоцациасының Шиелі аудандық басқарма төрағасы, жеке кәсіпкер А.Әбдіқадырова, Билер кеңесінің төрағасы Т.Баймағанбетов, Шиелі аудандық "Өскен өңір" газеті бас редакторының орынбасары Г.Дүйсебай , «Жастар» ресурстық орталығының кеңесшісі Ы.Қаппаров Иіркөл ауылдық округінің тұрғындары мен №149 Монтаев атындағы мектеп қызметкерлерімен кездесті.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ата Заңға өзгерістерді бүкіл халықтың талқысына шығаруы – ел болып қолдауға лайықты іс. Халқымен ақылдасатын биліктің аты озады. Бұл әрбір азаматтың жан дүниесін түлетіп, мерейін өсіріп, рухын көтереді. Жаңа Қазақстанды құрудың алғашқы қадамын референдумнан бастау арқылы Президент енді әр қазақстандықтың пікірі маңызды екенін айқындады.
Гүлнәр ДүйсебайҚазақстан Журналистер Одағының мүшесі