ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРГЕН АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ
Бүгін Ел Президенті, партия төрағасы Қасым Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауын кеңінен талқылау мақсатында Иіркөл ауылдық округінің тұрғындарымен жүйелі кездесу өтті.
Кездесуге «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Сыздық Болат Мүбаракұлы, аудандық мәслихаттағы фракция мүшелері Қасымов Қалмырза Айдарұлы, Рысбаева Ақсамал Сардарбекқызы, аудандық партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Ибрашев Мақсұт Кеңесбекұлы және ауыл тұрғындары қатысты.
Жиын барысында ақпараттық топ өкілдері жолдауға кеңінен тоқталып, негізгі басым-бағыттарын айтып, ортаға салды.
Ауыл тұрғындары Ел Президенті, партия төрағасы Қасым Жомарт Тоқаевтың жүргізіп отырған саясатын, Қазақстан халқына арнаған жолдауын толыққанды қолдайтындарын жеткізіп, пікірлерін айтты.
Сонымен қатар ауыл ақсақалдары ауылға қатысты жайылымдық жер, Тұрғын үй салу үшін жер кезегі және ескі жарық бағаналарын ауыстыру туралы өзекті мәселелерді көтеріп, тұщымды жауаптарын алды.