ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша 5 маусым күні жалпыхалықтық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын.
Осы тұрғыда, бүгін «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының жанынан құрылған штаб мүшелері Шиелі аудандық мәдениет үйінде референдумды қолдау мақсатында денсаулық саласының өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында штаб мүшелері қатысушыларға Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер енгізілетінін, Конституциялық сот құрылатынын, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, яғни омбудсменнің мәртебесі Ата заңмен айқындалатынын, елімізде өлім жазасы мүлде жойылатындығын, аудандық және қалалық мәслихат депутаттарын сайлаудың мажоритарлық жүйесінің толықтай енгізілуі өңірлердің тыныс-тіршілігіне азаматтардың ықпал ету мүмкіндігін арттыруға жол ашатыны жайлы кеңінен түсіндіріп, қатысушылардың ұсыныстарын тыңдады.
«AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалы ФБ парақшасынан