КЕҢЕСТЕ КЕЛІСІЛГЕН ІС КЕЛТЕ БОЛМАЙДЫ

Алқалы басқосуға кеңес төрайымы Патима Маханбет және кеңес мүшелері, аудан бойынша білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Марат Ақпанбетов және аудандық қоғамдық даму бөлімінің әдіскері Жанар Махамбетова, «Қоғамдық келісім» КММ Шиелі аудандық сарапшы Біржан Өтебаев пен БАҚ өкілдері қатысты.
Келелі кездесуде маңызды деген мәселелер қаралды. Атап айтсақ, мектеп оқушылары арасындағы өз-өзіне қол жұмсау фактілері және оның көріністерінің алдын алу шаралары жайлы кеңінен талқыланды. Бұл жөнінде аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы М.Асанханұлы хабарлама жасады. Бүгінгі таңда күн тәртібінен түспей тұрған мәселенің бірі де – осы балалардың тәртібі мен тәрбиесі. Ал кеңес мүшелері хабарламашыға жастардың бойына патриоттық сезім сіңіру турасында түрлі ұсыныстарын айтты.
Шараны Аналар кеңесінің төрайымы қорытындылады. Алдағы уақытта кеңес мүшелерін жаңарту жұмыстары жүргізілетіндігін, барлық айтылған ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, тиісті мемлекеттік мекемеге жолданатындығын түсіндірді. Сондай-ақ әрбір кеңес мүшесі белсенді түрде жұмыс істеу керек екенін және ауылдық деңгейдегі Аналар кеңесінің төрайымдары қайтадан сайланатындығын да айтты.
Айнұр ИБРАШЕВА