Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ I ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ I ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Аудандық партия филиалының мәжіліс залында Шиелі ауданының әкімдігі жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесінің кезекті I отырысы өтті.
Кеңес отырысын аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Исабек Сәрсенбайұлы ашып беріп, жүргізді.
Жылдық жоспарға сәйкес кеңес отырысында 1 (бір) маңызды мәселе қаралды:
1) 2023 жылдағы алаяқтық қылмыстарының, оның ішінде интернет алаяқтық қылмыстардың алдын алу шаралар туралы -
Шиелі ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Талғат Жусупов хабарлама жасады;
2) Күн тәртібінен тыс мәселе: Шиелі аудандық Ақсақалдар кеңесінің сапалық құрамын жаңарту жұмыстары - Шиелі аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, мәдениет саласының ардагері Исабек Байкенжеев айтып өтті.
Хабарлама жасаушыларға кеңес мүшелері өзекті деген алаяқтық, оның ішінде интернет алаяқтық, алданған адамдардың қалай қорғауға болады, алдын алу шаралары туралы, аудан тұрғындарының алданбауы жөнінде сұрақтар қойылып, полиция бөлімі бастығы орынбасары мен криминалдық бөлімінің бастығы өз деңгейінде жауаптарын берді.
Сонымен қатар, полиция бөлімінің қызметкерлері банктердің ресми колл орталықтарының нөмірлері жазылған ақпараттық парақшалар таратты. Жастар арасындағы танымал әлеуметтік желілердегі жарнамаларға сене бермеу керектігін айтып өтті.
Кеңес отырысы нәтижесінде хаттама рәсімделіп, тиісті мемлекеттік органдарға мерзімінде орындау үшін ұсыныстар жолданады.
Кеңес отырысына аудандық Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы К.Есенбаев және бөлім әдіскері Г.Сейтова, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы П.Маханбет, Шиелі ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары Т.Жусупов және бөлімнің криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы Б.Мамбеталиев, "Қоғамдық келісім" КММ Шиелі аудандық этносаралық сарапшы Б.Өтебаев, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын соңында Ақсақалдар кеңесінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес кеңес отырыстары тоқсанына бір рет өткізілетіні ескертіліп, кеңес төрағасы барлық кеңес мүшелеріне белсенді қатысуға шақырды.
15 наурыз 2024 ж. 192 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9244)

08 қазан 2024 ж.

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031