Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтің жайы жіті назарда

Әлеуметтің жайы жіті назарда

«Аmanat» партиясы Шиелі аудандық филиалының мәжіліс залында кезекті ақсақалдар кеңесінің үшінші отырысы өтті. Жиынға кеңес мүшелері, бөлім басшылары және бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.
Кезекті отырысты аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Исабек Байкенжеев жүргізіп, келелі мәселелерге тоқталды. Әрмен қарай, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Мұрат Әшірбеков аймақтағы азық-түлік пен қажетті тауарлардың бағасының өсу себептеріне тоқталды. Оның айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізу, оны реттеу мен тұрақтандыру, жедел және жүйелі шаралар қабылдау жөніндегі жұмысшы тобы құрылған. Олар күнделікті кент орталығында орналасқан сауда орындарын, орталық базарды аралап, Шиелі кентінде орналасқан ірі 10 дүкенге және Ә.Шорабаев атындағы орталық базарға азық-түлік бағаларына күнделікті мониторинг жасап отырады.
Сонымен қатар аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Бақытжан Бәйділдаев та өз баяндамасын оқып, ұсыныс-пікірлерге жауап берді. Жыл көлеміндегі жүргізіліп жатқан әлеуметтік бағдарламаларға шолу жасады.
– Әлеуметтік көмекті тағайындаудағы негізгі ұстаным – көмекке шынайы мұқтаж азаматтарға көмектесу. Яғни, көмекке мұқтаж адамдардың бәрі – аз қамтылғандар, көп балалы отбасылар мен балалар мемлекеттің қорғауында болғанын және солай қалатынын білуі керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында ашықтықты, әділеттікті және еңбекке ынталандыруды қамтамасыз ете отырып, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігін түзетуді тапсырған болатын. Осыған сәйкес аудан бойынша бюджет қаражаты шегінде аз қамтамасыз етілген азаматтарға атаулы әлеуметтік көмекті көрсетуге барлығы 464 млн 949 мың теңге қаржы қаралды. Жыл басынан бері мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға 982 отбасының 5410 мүшесіне 349 млн 361 мың теңге тағайындалып, төленді, – деді Б.Әлиайдарұлы.
Аталған шара облыстық «Қоғамдық келісім» КММ Шиелі ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Біржан Бақтыбайұлының ұйымдастыруымен өткенін айта кетейік.
Жиналыс соныңда аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшелері өз ойларын ортаға салып, бірқатар ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ хабарламашылардың баяндамалары қаперге алынып, хаттама рәсімделіп, тиісті мекеме, бөлім басшыларына жолданбақ.

Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ
20 қараша 2023 ж. 108 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (9203)

18 мамыр 2024 ж.

№38 (9202)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (9201)

10 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031