Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

Аудан әкімінің орынбасары Болат Ысмағұловтың қатысуымен Қазақстан халық Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің алғашқы кеңейтілген отырысы өтті. Жиында Ақсақалдар кеңесінің төрағасы сайланды.
Қазыналы қариялардың қызметі – Қазақстан халық Ассамблеясы кеңесінің бекіткен ережесіне сәйкес өңірдегі бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталмақ.
Кеңесті басқару қызметі көпшіліктің даусымен зейнеткер Исабек Байкенжеевке сеніп тапсырылды. Келелі кездесуде кеңес мүшелері жылдың жұмыс жоспарын нақтылап, алдағы міндеттерін айқындап алды. Ақсақалдар кеңесінің төрағасы И.Байкенжеевкеңестің ашылу мақсаты мен мәні туралы жан-жақты баяндады. Ол осы Кеңестің жалпы ережелеріне, кеңестің міндеттеріне, Кеңестің өкілеттіктеріне, Кеңес қызметін ұйымдастыру, кеңестің жұмыс органына тоқталып, Ақсақалдар кеңесі құрамымен Ереже бір ауыздан бекітілді.
Тұтас елдің түйткілді мәселесін бір ауыз сөзбен шешіп, қара қылды қақ жарған әділ билер өткен. Аудан әкімдігі жанынан құрылғанАқсақалдар кеңесі аузы дуалы бабалардың ізбасарындай жемісті жұмыс істейтініне сенеміз.

С.БАХТИЯРҚЫЗЫ
10 сәуір 2023 ж. 628 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930