ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ҚҰРАМЫ ЖАҢАРДЫ

Кеше ардагерлер үйінде Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобының бесінші отырысы өтті. Жиында қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмысшы топ жетекшісі О.Ысқақов алдымен Қоғамдық кеңес мүшелеріне жұмысшы топқа жүктелген барлық міндеттерді түсіндірді. Содан соң отырыстың алғашқы мәселесі – Шиелі ауданының Қоғамдық кеңесі туралы ережені бекіту туралы ұсынысын кеңес мүшелері бірауыздан қолдап, ереже бекітілді. Басқосудағы келесі мәселе – Қоғамдық кеңестің төрағасын сайлау болатын. Осы отырыста ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы болып Қабілеш Бекішев сайланды. Сонымен қатар жиында кеңес мүшелерінің ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңесі төралқасына Қабілеш Бекішев, Тілеубек Бабасов, Мұхамедәлі Мақаш, Болат Күлімбет, Насырбек Мырзабеков, Алмасбек Есмаханов, Нәйла Палымбет сайланды. Мәжілісті аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Қ.Бекішев қорытындылады.
Г.СӘБИТҚЫЗЫ