Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Бейсенбіде «Нұр Отан» партиясының Шиелі аудандық филиалы ғимаратында қоғамдық кеңес мүшелері жылды қорытындылады.
Жиынға облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Б.Нұрқожаев, қалалық «Невада-Семей» бірлестігінің мүшесі Д.Ақылбаев, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі және «Аруана» қоғамдық бірлестігінің директоры Р.Сарымсақова мен «Өркениет Қызылорда» қоғамдық қорының ұйымдастырушысы П.Әбдіғаппар, сондай-ақ, жергілікті қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
Басқосу барысында ауданның бас дәрігері Ж.Абдусаметов жыл басынан бергі атқарылған жұмыстарды баяндады. Бас дәрігердің сөзінен байқағанымыздай ауданда асқазан аурулары, жүрек қан тамыр, қатерлі ісік және жұқпалы аурулармен ауыратындар саны өткен жылмен салыстырғанда едәуір артқан.
Жалпы, қоғамдық кеңес отырысы әр тоқсан сайын тұрақты өткізіліп, онда әлеуметтік маңызды мәселелер қаралады. Бұл жолғы жиында қатысушылар ағымдағы жылы атқарылған шаруаларды саралап, алдағы міндеттерді пысықтап алды. Басқосуға облыс орталығынан арнайы келген меймандар кеңес жұмысына оң баға беріп, сәттілік тіледі.

Г.ЯХИЯ.
24 қараша 2018 ж. 1 216 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31