Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Көше атауы жаңара ма?

Көше атауы жаңара ма?

   Жиырма үшінші қазан күні аудандық ардагерлер үйінде облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырмасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен көшпелі кездесу өтті. Негізгі мақсаты – қоғамдық кеңес қызметін ұйымдастыу, ақпараттық және әдістемелік қолдау арқылы қоғамдық кеңес мүшелеріне насихаттау. Аталған шараны аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Пердәлі Архабаев жүргізіп отырды. Оған облыстық және аудандық қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Жиында облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Әшімхан Оспанов хабарлама жасады. Отырыс барысында қоғамдық кеңес мүшелері бірнеше мәселелерді талқыға салды. Сонымен қатар кент және бірқатар елді мекендердегі көше атауын өзгерту мәселесі қаралды. Бұл орайда кеңес мүшелері атауы жоқ көшелерге ат беріп, Алмалы елді мекеніне қарасты Қосарық атын өзгерту туралы ұсыныс айтты. Алдағы уақытта бұл ұсыныстар қаралып, кенттегі бірнеше көше жаңа атауға ие болуы мүмкін.

Ф. НЫШАНБЕКҚЫЗЫ
27 қазан 2019 ж. 839 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031