Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Меморандум – ақысыз кеңес айтады

Меморандум – ақысыз кеңес айтады

Жуырда аудан әкімдігінің мәжіліс залында Шиелі ауданының әкімдігі мен Қызылорда облыстық адвокаттар алқасы арасында өзара кездесу өтіп, қос тарап меморандумға отырды.
Жиынға аудан әкімі Нұржан Ахатов, Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Мейірбек Даубалаев, сондай-ақ ­аудан әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының басшылары, дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, ауданның кәсіби емес медиаторлары, билер кеңесінің төрағасы, ақсақалдар кеңесінің, қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты.
Кездесу барысында аудан басшысы өзара ынтымақтастық меморандумының тиімді тұстарын атап өтті. Атап айтар болсақ, меморандумға отырудағы басты мақсат – аудан тұрғындарына құқықтық қызмет түрлерінің кең көлемде әрі тиісті деңгейде көрсетуілін қамтамасыз ету мен тұрғындарды қағазбастылықтан арылтып, мәселелердің созбалаңға салынбай, дер кезінде шешілуіне ықпал жасау екендігін тілге тиек етті. Келесі кезекте сөз алған Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Мейірбек ­Даубалаев меморандумның көмегімен көптеген аудан тұрғындары кәсіби заңгерлерден кеңес алып, даулы мәселелерін шешуге мүмкіндік алатынын жеткізді.
Сондай-ақ жиын барысында Мейірбек ­Даубалаев аудан басшысы Нұржан Ахатовтың көмегімен бұған дейін тұрақты кеңсесі болмай келген жергілікті заңгерлердің енді Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратына орналасып, сол жерден халыққа тегін заңгерлік кеңес беруге мүмкіндік алғанын қуанышпен жеткізді.

С.СҰЛТАН
16 қаңтар 2023 ж. 683 0