Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР: ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ САПА

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР: ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ САПА

Апта басында аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Шиелі ауданы әкімдігі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және әріптестік жөніндегі кеңес» отырысы өтті.
Аудан әкімінің орынбасары ­Болатбек Ысмағұловтың төрағалығымен өткен кеңес отырысына кеңес мүшелері, дербес бөлім, мекеме басшылары, Ақмая, Жөлек, Талаптан ауылдық округ әкімдері мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында әлеуметтік қолдау бағытында жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалардың жай-күйі, ауыл әкімдерінің жергілікті қоғамдық ұйымдармен бірлесіп атқарған жұмыстары, мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік жобалардың жастарға тиімділігі секілді бірнеше мәселе қаралды. Баяндамашыларға кеңес мүшелері тарапынан өзекті сауалдар қойылып, ұсыныстар айтылды.
Кеңес барысында білгеніміздей, бүгінде аудан бойынша 34 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Өкініштісі олардың ешбірі өңірде ұсынылып жатқан жобалардың жеңімпазы атанбай келеді. Осыны сынға алған Б.Ысмағұлов аудандық үкіметтік емес ұйымдармен түсіндірме жұмыстарын, қажет болса тренингтер ұйымдастыруды тиісті бөлім басшыларына тапсырды. Сондай-ақ халыққа пайдалы, тұрғындардың тұрмысын жеңілдетіп, әлеуметтік серпін беретін жобаларды қашанда қолдауға дайын екенін жеткізді.
Жиын соңында кеңес төрағасы күн тәртібінде қаралған мәселелерге сәйкес хаттама рәсімделіп, жауапты орындаушыларға жолданатынын жеткізді. Соған сәйкес жауапты орындаушылар тапсырмаларды мерзімінде орындап, кеңестің жұмыс органы – аудандық ішкі саясат бөліміне мерзімінде беруді қатаң тапсырды.

Г.СӘБИТҚЫЗЫ
12 желтоқсан 2022 ж. 1 202 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930