КӨШ КЕРУЕН ШИЕЛІДЕ
Кеше Шиелі ауданы әкімдігінің қолдауымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Сыр өңірі – бейбітшілік пен келісім мекені» жобасы аясында Ақмая ауылдық клуб үйінде көш керуен өткізілді.
Шарада фойеге қойылған қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптейтін көрмемен және «Адал адам» мәдени-тәрбие беру орталығының тұжырымдамасына сәйкес, «Әлем Book» жобасы бойынша «Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы» атты кітап көрмесін қойып, жазушының өмірбаяны мен шығармаларымен танысты.
Кездесуге облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің директорының орынбасары, ақпараттық түсіндіру-тобының жетекшісі Омаров Дәулет Кәрібайұлы, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы, ақпараттық түсіндіру-тобының мүшесі Ибраев Мұхтар Айшықұлы, аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Байкенжеев Исабек Сәрсенбайұлы, Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің басшысы Есенбаев Кенжехан Шахизатұлы, Ақмая ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжетай Палмағанбетов, Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің маманы Гүлжанат Сейтова, «Қоғамдық келісім» КММ Шиелі аудандық сарапшысы Біржан Өтебаев және 8-10 сынып оқушылары қатысты.
Аталған жиында облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің директорының орынбасары, ақпараттық түсіндіру-тобының жетекшісі Дәулет Кәрібайұлы, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы, ақпараттық түсіндіру-тобының мүшесі Мұхтар Айшықұлы, аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Исабек Сәрсенбайұлы, Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Шахизатұлы Мемлекет басшысы адал ұрпақ тәрбиелеудің маңызына тоқтала келе, қоғамдығы ізгіліктің барі адалдықтан бастау алады. «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс. Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір отандасымыз Адал азамат болуға ұмтылуы қажет. Сонымен бірге жас ұрпақты Адал азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, еліміздің жаңа құндылықтарын орнықтыру үшін жүйелі жұмыс жасалуы және қазіргі жастардың телефонға телмірмей кітап оқу керектігі жөнінде айтты.
Кездесуде №49 қазақ орта мектебінің 8 – 11 сынып оқушылары тарапынан қойылған сұрақтарға қонақтар өз деңгейінде жауаптарын берді.
Жиын соңында жеке мәселе бойынша Дәулет Кәрібекұлы оқушылармен қабылдау жүргізіп, университетке түсуші жастарға кеңес берді.