Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» »  «Рухани жаңғыру» мақаласы Берлинде талқыланды

 «Рухани жаңғыру» мақаласы Берлинде талқыланды


Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласы Берлинде талқыланды. Қазақстандық мәдениет орталығында өткен шараға Германияда білім алып жатқан студенттеріміз жиналды. Елшіліктің кеңесші-уәкілі Денис Рогов қоғамдық сананы жаңғыртудың мақсатын түсіндірді. Өз кезегінде магистранттар мен докторанттар Елбасының бастамасын қолдайтындығын жеткізді. Олардың ойынша, «Қазақстанның киелі жерлерінің картасы», «100 жаңа есім» және «Туған жер» бағдарламалары мәдениетіміз бен салт-дәстүріміздің бірегейлігін сақтамақ. Сондай-ақ қатысушылар қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшудегі маңыздылығын да атап өтті. Бижас Искаков, магистрант: – Әлемде лайықты орын алу үшін бәсекеге қабілетті болуымыз қажет. Тек жеке тұлға ретінде ғана емес, бүкіл халық бәсекеге қабілетті болуы керек. Ал оған қол жеткізу үшін тарихи, мәдени, рухани негіз болу қажет. Осы орайда «Туған жер», «100 жаңа есім», қазақ тіліне аударылатын «100 кітап» жобалары қатты ұнады. Айдана Қатарбаева, магистрант: – Қазақ алфавиті латын қарпіне ауысуын қолдаймын. Неге десеңіз, бұл өзінің көптеген жақсы жақтары бар. Мысалы, ең бірінші айтатын болсақ, бұл информатика саласына өте қолайлы. Неге десеңіз? Көп информатикадағы бағдармалар кириллицаны қолдамайды. Және де ең бастысы бұл біздің бірінші сыныпқа барып жатқан біздің балаларымызға ағылшын тілін оқыған кезде өте оңай болады деп ойлаймын.

24.kz
22 қараша 2017 ж. 3 362 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (9252)

05 қараша 2024 ж.

№87 (9251)

02 қараша 2024 ж.

№86 (9250)

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930