Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ҰЛТТЫҚ МІНДЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ҰЛТТЫҚ МІНДЕТ


 Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жемқорлық мемлекеттік жетістіктерді жоққа шығарып, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

  Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақтылығын нығайтып, азаматтар мен жалпы қоғамның құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін заңға қарсы әрекеттерден қорғау деңгейін көтеруге жол береді.
Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылдық. Бүгінде Елбасымыздың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады.
  Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі дамымауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа қарсы тұруға болады.
Жора Оспанов,
Шиелі аудандық сотының кеңсе меңгерушісі
30 қыркүйек 2021 ж. 468 0