Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ҰЛТТЫҚ МІНДЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ҰЛТТЫҚ МІНДЕТ

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жемқорлық мемлекеттік жетістіктерді жоққа шығарып, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақтылығын нығайтып, азаматтар мен жалпы қоғамның құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін заңға қарсы әрекеттерден қорғау деңгейін көтеруге жол береді.
Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге өзінің тұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылдық. Бүгінде Елбасымыздың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі дамымауы үшін тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа қарсы тұруға болады.

Арайлым Нұрманова,
Шиелі аудандық Қазынашылық басқармасының
бас маман, бас қазынашысы
01 маусым 2021 ж. 578 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9327)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (9326)

11 тамыз 2025 ж.

№58 (9325)

05 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031