«ЕҢБЕКШІ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
«Еңбекші» бастауыш партия ұйымында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауының негізгі бағыттары мен басым міндеттерін талқылауға арналған жиын өтті.Жиынның мақсаты Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған міндеттерді кеңінен түсіндіру, оның басым бағыттарын талқылау және партия мүшелерінің ел дамуына қатысты өзекті мәселелер жөніндегі пікірлерін ортаға салу. Кездесу барысында қатысушылар Президент Жолдауында көтерілген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономиканы жаңғырту, кәсіпкерлікті қолдау, халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік саланы жетілдіру, білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін дамыту бағыттарына тоқталды. Сондай-ақ Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда әрбір азаматтың жауапкершілігі, қоғамдық белсенділікті арттыру және жергілікті жерлерде халықпен кері байланысты нығайту мәселелері талқыланды.
Жиын барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, ел болашағы мен қоғамның тұрақты дамуына қатысты ойларын білдірді. Әсіресе, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын халық арасында түсіндіру, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескеру және қоғамдық маңызы бар бастамаларға қолдау көрсету мәселелеріне назар аударылды. «Еңбекші» бастауыш партия ұйымының мүшелері Жолдауда белгіленген міндеттердің маңыздылығын атап өтіп, оларды іске асыруға бағытталған жұмыстарға белсенді қатысудың қажеттігін жеткізді.









