Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ САРАЛАНДЫ

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ САРАЛАНДЫ


«Атом» бастауыш партия ұйымында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылауға арналған мазмұнды жиын өтті. Жиынның негізгі мақсаты Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған басым бағыттарды түсіндіру, алға қойылған міндеттерді талқылау және олардың ел дамуы үшін маңыздылығына тоқталу.
Кездесу барысында қатысушылар Жолдауда көтерілген өзекті мәселелерге кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, энергетика саласын жетілдіру, өндірістік әлеуетті арттыру, инфрақұрылымды дамыту, жаңа технологияларды енгізу, цифрландыру, инвестиция тарту және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту бағыттары талқыланды.
Сонымен қатар энергетика саласының ел экономикасындағы орны мен маңызы, атом энергетикасын дамыту мәселелері, қауіпсіздік талаптарын сақтау, заманауи технологияларды пайдалану және білікті мамандар даярлау жөнінде пікірлер айтылды. Жиынға қатысушылар Жолдауда белгіленген міндеттердің әрбір сала үшін маңызды екенін атап өтіп, оларды жүзеге асыруда әр азаматтың жауапкершілігі мен белсенділігі қажет екенін жеткізді. Сондай-ақ партиялық ұйымдардың қоғаммен байланысын нығайту, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу және ел дамуына бағытталған бастамаларды қолдау мәселелері де назардан тыс қалмады.
Жиын қорытындысында «Атом» бастауыш партия ұйымының мүшелері Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін білдіріп, алдағы уақытта да маңызды саяси құжаттарды талқылау және түсіндіру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігін атап өтті.
---
23 қараша 2026 ж. 14 0