Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада азық-түлік бағасы арзандап келеді

Астанада азық-түлік бағасы арзандап келеді

Статистика департаментінің мәліметі бойынша, тамыз айынан бастап елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының ең төменгі индексі байқалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Онда картоп бағасы 9,5%, сәбіз бағасы 13,9%, пияз бағасы 6,9 %, орамжапырақ бағасы 11,7 %, май бағасы 1, 4 %, қант бағасы 0,8 % төмендегендігі белгілі болған.
Күнделікті мониторинг нарықтағыдан төмен бағамен орамжапырақты («Small» - 79 тг/кг, «Астана» - 84 тг/кг, «5 минут» - 90 тг/кг, «Астыкжан» - 95 тг/кг), картопты ( «Астана» - 96 тг/кг, «Small» - 99 тг/кг; ТД «Гульжан» - 100 тг/кг, «Рамстор» -102 тг/кг), пиязды («Астыкжан» - 89 тг/кг, «Анвар» - 80 тг/кг, «Magnum» - 84 тг/кг, «Астана» 84 тг/кг), қантты («Алма» - 207 тг/кг, «Рамстор» - 205 тг/кг,«Magnum» - 209 тг/кг) сатып алуға болатынын көрсетті.
Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының өнімдерді жеткізу бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарының аясында осы айда басқа да тауардлардың бағасы төмендейді деп болжануда.
Бұдан бөлек, «Шапағат» коммуналдық базарында сиыр етінің төменгі бағасы белгіленді. Сауда бағалары сегментінде оның құны 1350 теңгені құрайды.
Baq.kz
21 тамыз 2018 ж. 1 730 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930