ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР
Жыл өткен сайын халықтың әл-ауқаты жақсарып, түйіткілді мәселелер шешімін табуда. Соның ішінде жол мәселесі де тұрақты назарда болып, жөндеуді қажет ететін кент орталығындағы яки елді мекендердегі көшелер асфальттануда. Өткен жылы да осы салада жүйелі жұмыстар жүргізіліп, бірнеше көшеге тас төселген болатын.
Жолдың жайы – бұрыннан маңызын жоймай келе жатқан мәселелердің бірі. «Жол қадірін жүрген білер» деген тәмсілдің өзін жолдың машақатын көргендер айтса керек-ті. Ал тиісінше осындай олқылықтарды болдырмау бүгінгі күннің талабы. «Елдің өскенін білгің келсе, жолына қара» деген қағида қалыптасқан қазекеңде барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынасы айрықша маңызға ие. Тоғыз жолдың торабында орналасқан ауданда 80 км республикалық, 98 км облыстық, 145,4 км аудандық сонымен барлығы 323,4 автомобиль жолы бар. Өткен жылы кенттің орталық көшелеріне яғни, Сейфуллин, Яссауи, Т.Рысқұлов, Байтұрсынов көшесіне құны 46 млн теңге болатын тротуар салынған. Сонымен қатар «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында облыстық және аудандық маңыздағы жолдардың жөндеу жұмыстарына 650,6 млн теңге қаржы қаралған. Одан бөлек аудандық маңыздағы 90 км автомобиль жолдарын күтіп ұстау және кент, ауылішілік 31 көшенің орташа жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 392624,8 мың теңге тағы да бөлінген.

Жасыратыны жоқ, жөндеу жұмыстарының көбі жыл соңында, қыстың қара суығында басталатыны жұртты алаңдатады. Себебі қараша халық қыстыгүні салынған жолдың сапасы сын көтермейтіндігін біледі. Естеріңізде болса, жоғарыда айтқан төрт көшенің тротуары да былтыр тура жаңа жыл қарсаңында төселген болатын. Аудан әкімінің баспасөз маманы берген мәліметке сенсек, биыл да кенттің 30-ға жуық көшесіне тас төселіп, орташа жөндеу жасалмақ. Енді әне-міне дегенше, қыс та таяды. Жөндеуі енді басталатын жолдың жайы не болмақ?
Тұрғындардың жайлы және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру мақсатында аудандағы маңызды Жуантөбе ауылына кіре беріс 6 шақырымды құрайтын автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Оған ұлттық қордан 250 млн теңге, облыстық бюджеттен 150 млн теңге, ал аудандық бюджеттен 63 млн теңге қаржы бөлінді.
Ал «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Бестам мен Н.Бекежанов елді мекендеріндегі 20,7 шақырымды құрайтын 21 көшеге 333,9 млн теңге бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.
– Жөнделуге тиісті барлық көшені қамтыдық. Бұған қосымша Алмалы, Еңбекші, Ә.Тәжібаев, Ақмая, Ы.Жақаев, Бала би, Байсын ауылдары мен кенттегі барлық 36,2 шақырым көшеге орташа жөндеу жұмыстарына 629,6 млн теңге қаржы бөлінді. Тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар жалпы құны 498,5 млн теңгені құрайтын Бидайкөл мен Ә.Тәжібаев елді мекендеріне кіре беріс көпірлерінің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Айта кету керек, жұмыс бөлінген қаржы негізінде жүзеге асырылады. Сондықтан мәселеге түсіністікпен қараған жөн, – дейді кент әкімшілігіндегі жауапты мамандар.
Түсіністікпен қарауын қараймыз ғой. Себебі аудан экономикасы дамып, көркейіп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайы көтеріле берсін деген тілек жүректің төрінде.
Сұлушаш МАДИЯРОВА