Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістанда 78 көше жөнделеді 

Түркістанда 78 көше жөнделеді 

ТүÑкÑÑÑанда 78 көÑе жөнделедÑ

Түркістан қаласында 4 негізгі көшеге күрделі, ал 74 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24». Оған 7 млрд теңге көлемінде қаржы қарастырылған. Сондай-ақ биыл 51 көше абаттандырылады. Оған жергілікті биліктен қосымша 320 млн теңге қаржы бөліп отыр. Бұл қаражатқа жарық шамдар мен жол белгілері орнатылып, көркейту жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар Түркістанның Бас жоспары мен жол кеңейту жұмыстарына сәйкес Саттарханов даңғылының бойындағы бірнеше кәсіпкерлік нысан мен тұрғын үйлер мемлекет мұқтаждығы үшін бұзылады. Ал қазір Түркістанның Шымкенттен кіреберіс қақпасы саналатын Бекзат Саттарханов даңғылы 4 жолақтан 6 жолаққа кеңейтіліп жатыр. Жолдың ұзындығы - 5 шақырым. Сәуір айының басында қолға алынған кеңейту жұмыстары екі кезең бойынша жүзеге асырылады. Алғашқы 3 шақырым жол шілденің соңында пайдалануға берілсе, қалған 2 шақырымы қыркүйек айында толық аяқталмақ. Байдулла Оразбеков, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы: - Осы негізгі жол үш жарым метрден жеті метр болады. Автобустың жолағы 4 метр болады. Оған қосымша аяқ жолдар мен веложолдар салынатын болады. Осы жолдың бойындағы аялдама мен бағдаршамдар толық ауысатын болады. Жолдың жалпы ені 40 метр болады.

www.24.kz
10 сәуір 2019 ж. 1 156 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9244)

08 қазан 2024 ж.

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031