Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында жол жағдайы жақсара түсті

Қызылорда облысында жол жағдайы жақсара түсті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 2018 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеуге баса назар аударылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда облысында биыл жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға 13,5 млрд. теңге бөлінген. Соның нәтижесінде 277,87 шақырым автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерін жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. «Аймақтағы автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға бөлінген қаржының 3,3 млрд тенгесіне 18,5 шақырым құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Ал,  8,9 млрд тенге 259,63 шақырым күрделі және орташа жөндеу үшін, ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарына - 1,1 млрд. тенге жұмсалмақ»,  - деді облыс әкімінің орынбасары С.Сүлейменов. Сонымен қатар 9 жобаға жобалау-сметалық құжаттамалар және ТЭН әзірлеуге облыстық бюджеттен 175,1 млн. тенге бөлініп отыр. 4-көпір салу және 3-көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Айта кетейік, 2018 жылдың қорытындысымен облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткіші 63,5% жетеді деп күтілуде.

inform.kz
30 тамыз 2018 ж. 1 564 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031