Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҚАЕВ ТҰТЫНҒАН ЕР-ТҰРМАН

ЖАҚАЕВ ТҰТЫНҒАН ЕР-ТҰРМАН


Шиелі ауданындағы Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихи музейі қорында осы дақылдан рекордтық өнім алған дала академигі туралы сыр шертетін мыңнан аса құнды жәдігер сақтаулы. Атап айтқанда, мұнда 10312 экспонат бар, оның негізгісі- 6545, көмекші қордағысы 3767 екен. Музей директоры Құттықыз Ыханованың айтуынша, қазіргі кезде музей қызметінде жаңа ақпараттық-технологиялардың маңызы өте зор. Осыған байланысты интернетке қосылған компьютер жүйесі, «Музеолог» бағдарламасы жүйелі түрде жұмыс жасауда.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, музей экспонаттарының көбі – дән атасының ұстап-тұтынған заттары, құжаттары, тарихи суреттер.  Солардың бірі – Ыбырай атаның өзі пайдаланған ер-тұрман. Құттықыз Шайыққызының айтуынша, бұл құранды ерді Ы.Жақаев өзі арнайы жасатқан. Диқанның 90 жылдығына орай тұтынған заттары музейге өткізілгенде осы ер де бірге тапсырылып, бүгінде көрме залының төрінен орын алып тұр.

Барлыбек БАТЫР.
27 қыркүйек 2018 ж. 2 413 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9392)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (9391)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930