Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғұмыр мен кітап үндестігі

Ғұмыр мен кітап үндестігі

Кітапхана – тек кітап сақталатын орын емес, ол білім мен тәрбиенің, мәдениет пен руханияттың ордасы. Ал осы орданың жүрегі – кітапханашы. Оның кәсібі ұрпақ пен кітап арасындағы алтын көпір іспетті. Заманауи қоғамда бұл мамандық ерекше маңызға ие. Кітапханашы тек кітап таратып қана қоймай, оқырманға бағыт-бағдар беріп, ізденуге жетелейді. Цифрлық технологиялар дамыған заманда да кітап пен кітапханашы жұмысының маңызы жойылған жоқ, керісінше, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылып, рухани білім берудің жаңа формалары енгізіліп келеді. Кітапханашының еңбегі – көзге көрінбейтін, бірақ жүрекпен атқарылатын еңбек. Ол – әр оқырманның сұранысын дәл тауып, кітап арқылы жан дүниесіне жол таба білетін жан.
Әдеби кештер, поэзиялық сағаттар, кітап көрмелері – Перуза Түлкібайдың күнделікті еңбегінің бір парасы ғана. Бүгінгі кітапханашы – креативті ойлайтын, қоғаммен етене байланыста жұмыс істейтін маман. Ол тек білім беріп қана қоймай, тәрбие мен мәдениетті насихаттайды, ұлттық құндылықтарды дәріптейді және жас ұрпаққа рухани азық береді.
Сондай кәсібіне адал, руханият саласын дамытуға сүбелі үлес қосқан, ғүмырын кітапқа арнаған жан, Шиелі аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Перуза Түлкібай.
Түлкібай Перуза Жақсылыққызы 1965 жылдың 20 наурызында Тартоғай ауылында дүниеге келген.
1983-1985 жылдары Жетісай культпросвет техникумына «кітапхана ісі» мамандығын, 2005 жылы Түркістан облысындағы Қожа-Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік халықаралық университетінің «тарих, құқық, экономика» мамандығы бойынша дипломын алған.
1985 жылдан бастап осы уақытқа дейін Шиелі аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде кітапханашы қызметін атқарып келеді. Ол ұзақ жылдар бойы кітапхана саласында еңбек етіп, өз ісінің шебері, кітапхана ісін жетік меңгерген. Оқырманмен жылы, шынайы қарым-қатынас жасайды, әр кітапты рухани азық ретінде ұсына біледі. Ұзақ жылғы еңбегінің арқасында аудан, облыс әкімінің алғыс хаттарымен, 2024 жылы «Еңбек даңқы» және «Қазақстанның үздік кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталған.
Кітапханашылардың еңбегі – ұлттың рухани байлығын сақтау мен дамытуға бағытталған баға жетпес қазына. Перуза Түлкібай сияқты мамандардың арқасында кітапхана тек кітап сақтау орны емес, білім мен мәдениет, тәрбие мен руханият мекеніне айналуда. Бейнеттің зейнетін көретін уақыт та жетіп, Перуза апайымыз зейнет жасқа толып отыр. Еңбегіңіздің зейнетін көріп, құрметке бөлене беріңіз деген тілек айтқымыз келді.

Айнұр Назарова
07 сәуір 2026 ж. 27 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9392)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (9391)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930