Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "АБАЙДАН АМАНАТ" КІТАП СЫЙЛАУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

"АБАЙДАН АМАНАТ" КІТАП СЫЙЛАУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

«Руханият» орталығында "Көкшоқы" бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен ақын, ғұлама Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Абайдан аманат» атты кітап сыйлау акциясы өткізілді. «Білімнің алтын кілті – кітап» деген ұлы сөздің мәнін терең түсініп партия мүшелері мен жас оқырмандарға мерей той қарсаңында ұлы ақынның құнды кітаптары тарту етілді.  Кітап — рухани азық, ақылдың шамшырағы. Осы құндылықты дәріптеп, кітапхана қорына үлес қосуды борыш санадық. Кітап сыйлау — даналықпен бөлісу. Бұл күні біз тек кітап қана емес, жүректегі жылуымызды да тарту еттік. Сондай-ақ оқырмандармен өткен танымдық кездесуде кітаптың тәрбиелік мәні, рухани байлық ретіндегі орны жайлы тағылымды әңгіме өрбіді. Кітап — өткен мен болашақты жалғайтын алтын көпір. Бұл бастама – руханиятқа қосылған кішкене ғана үлесіміз. Жақсы кітап – жақсылыққа жетелейді. Рухани мұра – кітап арқылы сақталады. Акция барысында кітап сыйлап қана қоймай, оқырмандарға үміт пен шабыт сыйладық.

06 тамыз 2025 ж. 381 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031