Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сапалы білімнің сенімді кепілі

Сапалы білімнің сенімді кепілі


Жылдағы дәстүр бойынша «Бір кітап – бір ел» республикалық акциясы басталды. Акция барысында жыл бойына оқырмандарға миллондаған кітаптардың арасынан үш кітап таңдап алынды. Олар Ш.Құдайбердіұлының «Үш анық» философиялық еңбегі, Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» және Н.Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» шығармалары. Осы аталған үш кітап жыл бойы насихатталатын болды. Міне, осындай мәліметті оқырмандарға таныстыру мақсатында Гүлзира Палымбетованың ұйымдастыруымен аудандық орталық кітапханада жарыс түрінде әдеби вернисаж ұйымдастырылды. Шараға тұрақты оқырмандар мен қонақтар қатысты. Ұлы Абайдың маңына шоғырланған талантты жастар туралы айтып келіп, М.Әуезов былай деп жазады: «Ондай ақын төртеу оның екеуі Ақылбай, Мағауия, Абайдың өз балалары. Осы төрт ақынның толық мағыналы шәкірттері. «Шындығында да Шәкәрім – Абайдың ең талантты шәкірттерінің бірі, әрі ең мол мұра қалдырған шәкірті. Оның «түрік, қырғыз – қазақ һәм хандар шежіресі» «Үш анық» «Мұсылмандық шарты» еңбектері қазақ халқының рухани дамуына қосылған ірі үлесі. Шарада жас ұрпақтың санасына ұлы адамдар, олардың өнегелі өмірі мен артына қалдырған өсиет шығармалары насихатталып, тұрақты оқырмандар қауымын осы кітаптарды оқуға шақырды.

А.МОЛДАХМЕТҚЫЗЫ.
02 қазан 2018 ж. 1 536 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (9289)

31 наурыз 2025 ж.

№21 (9288)

26 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930