Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН АРҚАУ ЕТКЕН ШАРА

АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН АРҚАУ ЕТКЕН ШАРА

Облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Медиа-Пресс» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері байқауының мақсаты – ана тілінің қолданыс аясын кеңейту, сөз мәдениетін көтеру, сондай-ақ, жастар арасында әдебиетті насихаттау.
Байқаудың ережесіне сай, қатысушылар бірінші кезеңде қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары прозалық шығармаларынан үзінді оқыса, екінші кезеңінде Алаштың көрнекті тұлғасы Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай, ақынның поэзиялық шығармаларын оқыды. Әдеби шараға 24 талапкер қатысты. Олардың қатарында әр салада еңбек етіп жүрген жас мамандар, студенттер, мектептің жоғары сынып оқушылары бар.
«Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» дегендей, талапкерлердің арасында шығарманың мазмұнына терең бойлап, тебіреніспен орындап шыққандар да болды. Айталық, Абайдың қара сөздерінен, Б.Момышұлының «Ұшқан ұя», Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі», Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» шығармаларынан оқылған монологтар көрермендердің көңілін босатып, көздеріне жас үйірді. Талапкерлерге филология ғылымдарының кандидаты А.Айтбаева басқарған қазылар алқасы баға берді.
«Жүректің көзі ашылса, хақтықтың түсер сәулесі» деп Абай айтпақшы, шығармашылық – жүректі жарып шығатын сәулелі дүние. Сол сәулені көрермен көңіліне қапысыз жеткізе білген талантты жастар байқаудың арнайы жүлделерін бөлісті. Ал 1-ші орынды иеленген қаладағы №253 орта мектептің 11-сынып оқушысы Өмірбай Абылайхан республикалық кезеңге жолдама алды.

Ғазиза ӘБІЛДА,
«Сыр бойы».
16 сәуір 2018 ж. 1 363 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930