ОҚЫ, ТАЛҚЫЛА, ӨЗГЕГЕ ҰСЫН...

Оқу марафонының мақсаты - кітап оқуды насихаттау және оқуға шақыру, жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық, елжандылық қасиеттерін сіңіру және патриоттық тәрбие беру. Оқуға Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, көрнекті жазушы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі ұсынылады. Шара барысында «Мен оқыдым, сен де оқы», «Кітапты көп оқитын мектеп», «Кітапқұмар сынып», «Ең үздік эссе», «Үздік видео-шолу», «Үздік иллюстрациялы сурет» сайыстары ұйымдастырылады.
Кітап оқу марафонына 11-16 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Марафон сәуір айы мен қазан айы аралығында жүреді.
syr-media.kz