Өмірдің өзінен алынған драма
Аудандық орталық кітапханада «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында көрнекті түркітанушы, профессор, жазушы, аудармашы, Күлтегін және Франц Кафка сыйлықтарының лауреаты Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологынан «Өмірдің өзінен алынған драма» атты сахналық қойылым өткізілді.
Республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы 2007 жылдан бастау алған. Ең алғашқы акция Абайдың «Қара сөздерінен» басталған. Биылғы оқу акциясына тұңғыш рет үш бірдей кітап таңдалып алынды. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары, Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі, Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологы. Бұл шығармалар кітапханада жыл бойы насихатталатын болады. Шараға «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының кеңесшісі Ерболат Мұхтаров, «Жастар ресурстық» орталығының директоры Айдана Маманова, оқырмандар, кітапхана қызметкерлері қатысты. Prezi.com жобасы арқылы жазушы Н.Келімбетовтың өмірбаянымен №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің оқушысы А.Серікбай таныстырды. 35 жыл бойы ауыр дертпен арпалысса да, мүгедектігіне қарамай өмірге деген шексіз құштарлығы, қайсарлығы, адамгершілігі, мөлдір махаббаты келешек жастарға үлгі болатын жан Ержан Немат Келімбетовтың өз бейнесі. Аудандық кітапхананың «Өнер» клубының мүшелері: Б.Сақтапов, Г.Қожахметова, Қ.Күлімбетов, Б.Стамқұлова, Н.Мейрамханұлы, М.Орал, А.Алымұлылар кейіпкерлер рөлдерін шынайы сомдап, оқырмандар ықыласына бөленді. Ардат Ақберген, Гүлсезім Амангелдіқызы, Қарақат Бақытқызы өз өнерлерін көрсетті. Кітапханашы Ақайша Жолдасбекқызы шараны дайындап, ұйымдастырса, кітапханашы Набат Асқарқызы кітап көрмесімен таныстырды. Белсенділік көрсеткен оқырмандар Алғыс хаттармен марапатталды. Немат Келімбетовтың халқына қалдырған мұрасы мол. Әрбір азамат оның қажыр-қайратына, санасының саралығына, рухының даралығына тағзым етсе нұр үстіне нұр болар еді. Ел азаматтарының өзі кетсе де, артында қалған мұрасы ұзақ жасай бермек.
Гүлмира Бегайдарқызы,
№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицей мұғалімі.