«КІТАП СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛІП ЖАТЫР

Қазіргі таңда №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің директоры Айжан Қарекееваның бастамасымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап сыйла» акциясы өткізіліп жатыр. Аталған акцияның негізгі мақсаты – мектеп кітапханасының қорын толықтыру, сондай-ақ оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Бүгінде бұл акцияға оқушылар мен ата-аналар атсалысып, оқырмандарға арналған әдеби кітаптар өткізуде. Кітапхана қорын жаңа дүниелермен толықтыруға бағытталған бағалы бастама басқа да жанашыр жандардың тарапынан кеңінен қолдауға ие болуда. Алдағы уақытта оқушыларға бос уақыттарын тиімді пайдаланып, үнемі іздену арқылы тұлғалық болмысын дамыту үшін жаңаша жетістіктерге жетелейтін көркем әдебиеттер мен ғылыми әрі танымдық кітаптарды жиі оқуды тұрақты дәстүрге айналдырса, уақыт талабының үдесінен табылары даусыз. Бұл – қазіргі кездің ең басты мәселесі. Сондықтан сіздерді де кітапхана қорын толықтырып, акцияға белсене қатысуға шақырамыз!
Сымбат СҰЛТАН