Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кітапқа құмар сынып

Кітапқа құмар сынып

№153 Ш.Есенов атындағы мектеп-лицейде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Мектеп лицей оқушысы оқуға тиіс 20кітап» атты оқушылар арасында мектепішілік сайыс ұйымдастырылды.Тоқсан сайын оқушыларға оқуға кітап ұсынылды. Оқыған кітап бойынша оқушылар эссе жазды. Осы сайыс барасында «Ең оқырман сынып» деген атақты 8 «А» сынып оқушылары жеңіп алды.Бұл сыныптың 15 оқушысы «Кitap.kz» порталы ұйымдастырған жобаға қатысып, облыс бойынша да өз деңгейлерін жақсы көрсеткен еді. Мектеп –лицей оқушылары арасындағы бұл сайыс жалғасуда. Бұл сынып қыркүйек айының қорытындысы бойынша жеңіске жетіп отыр. Кітапқа оқуға құмар 8 «А»сынып оқушылары мен сынып жетекшілеріне алғыс айта отырып, алған беттеріңнен таймаңыздар, кітап оқудан жалықпайық деген тілегімізді ілдіреміз!

Гүлнар Ахтаева,
Мектеп-лицей кітапханасының меңгерушісі
15 қазан 2021 ж. 1 144 0