Математиканы меңгерген оқушылар
Бүгін де білімдінің күні жарық, білімсіздің күні қараң. Ешқандай байлықпен бағаланбайтын осынау құндылықтың тереңіне бойлай түскен сайын өзіңнің әлі де болса білгеніңнен білмейтінің көп екеніңді түсінгендей боласың. Қай заманда болсын адамның ақыл-ойымен бірге алған ілім-білімі де жоғары бағаланған. Қазақ халқы «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп, білім алудың артықшылығын мақалға қосқан. Өйткені, білім мен ғылым дамыған сайын адамның ой-өрісі де өсіп, қоршаған ортаны тани түседі, дүниетанымы өзгереді. Бүгінде еңбек нарығында оқымаған адамнан гөрі оқыған азаматқа сұраныс арта түсті. Адамзат баласы шығарған қарапайым еңбек құралы уақыт өте келе түрленіп, жетіле түскенін күнделікті өмірден көріп жүрміз. Бұл – алған білімнің нәтижесі, әлбетте.
Наурыз айының басында еліміздің бас қаласы Астана қаласында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында академик Ө.Сұлтанғазин атындағы халықаралық математикалық олимпиадасы өткен болатын. Астана қаласындағы №56 мектеп лицейінде өтетін дәстүрлі сайыс биыл жетінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Оған республиканы барлық аймақтарынан 500 ден аса оқушы қатысып, бақ сынасты. Қатысушыларға қойылатын талаптың қатаң, тапсырманың күрделілігі математикалық есептерді Еуразия ұлттық университетінің профессор, академик, ғалымдары дайындағандығынан аян болды.
Аталмыш білім сайысына ауданнан №45 «Ақ Орда» мектеп гимназиясының 9-сынып оқушысы Қ.Мыңбаев, 10-сынып оқушысы Қ.Жанайдаров және 11 сынып оқушысы С.Таңатова қатысып, жоғары нәтиже көрсете білді. Қорытындысында, ерекше үлгідегі алғыс хаттарға ие болды. Ал, осынау білімді өздеріне серік еткен оқушылардыматематика дейтін әлемнің қыр-сырына баулып, жетекшілік жасап жүрген К.Қарабаева, Ж.Сәрсенбаева, А.Пернеев есімді ұстаздардың еңбектері ерен екендігін айта кету керек.
Алдағы уақыттарда жүзден жүйрік озаттарға басқа да жеңілдіктер қарастырылатындығын №56 мектеп лицей директоры Ж.Әлпішов өз сөзінде атап өтті.
«Өскен өңір» ақпарат.