Қызылорда облысында жаңа мектеп ашылды
Арал ауданында ғасырдан астам тарихы бар мектеп жаңа ғимаратқа көшті. Білім ошағы 300 орынға лайықталған. Дегенмен бұл оқу ордасында мыңнан астам бала білім алады. Сондықтан жаңа ғимаратқа тек жоғары сынып оқушылары ауысып отыр. Мұнда бұған дейін сұранысқа ие болған робот құрастыру, лингафон және мультимедиа кабинеті мен шеберхана бар. Оқу кабинеттерінің мәселесі де толық шешілді. Айта кетейік, өткен жылы Арал ауданында апаттық мектептердің орнына 6 жаңа білім ұясы пайдалануға берілді. Ал облыста соңғы 5 жылда 45 білім ошағы бой көтерсе, оның 37-сі апаттық мектептің орнына салынды. Шоқан Төлепов, №14 мектеп-лицей директорының орынбасары: - Бұрын бұл мектеп ескі болатын. 1910 жылы іргетасы қаланған. Ғасырдан да ұзақ тарихы бар мектеп болатын. Ғимаратымыздың ескілігінен, сынып кабинеттерінің жетіспеуінен біз көптеген қиыншылықтармен кездестік. Міне, енді еліміздің білім саласына жасап жатқан кқамқорлығының арқасында үлкен сәулетті де жарық ғимаратқа ие болдық, қуаныштымыз.
www.24.kz