Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді

Қызылордада әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді


ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Жаңа оқу жылы қарсаңында Қызылорда облысы Қазалы және Сырдария аудандарында мектеп және спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентінде  300 орындық мектептің ашылды. Мектеп құрылысы өткен жылы басталды. Екі қабатты ғимарат дәрісхана, жаттығу залы, кітапхана, конференц залы, асхана, қажетті қосалқы бөлмелер мен инженерлік коммуникациялармен жабдықталған. Аталмыш мектептің ашылуына облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов қатысты. «Мемлекет басшысы 2020 жылға дейін орындалуы тиіс басты 3 міндет қойған болатын: үш ауысымдық, апаттық мектептерді жою мен 3-6 жастағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамту. Алдымен, үш ауысымдық мектептерді түбегейлі жоюға қол жеткіздік. Содан соң, облыс бойынша 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз етуді мерзімінен бұрын 100 пайызға орындадық»,-деді С. Қожаниязов. Айта кетейік, 5 жыл бұрын Қазалы ауданындаапаттық жағдайдағы 9  мектеп болды. Қазір олардың орнына жаңа ғимараттар салынған. Өткен жылдың өзінде ауданда бес білім ұясы пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Сырдария ауданы Ақжарма ауылдық округінде 120 орындық спорт кешенінің ашылуына облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов қатысты. Естеріңізге сала кетелік, облыстағы Мәдениет, Түгіскен, Ақжарма, Еңбекші, Жанқожа батыр ауылдарында және Сексеуіл мен Төретам елді мекендерінде спорт кешендерінің құрылысы жүріп жатыр. Одан бөлек, Қызылорда облысында 5 жылдың ішінде 200-ге жуық әлеуметтік нысан, оның ішінде 45 білім ошағы, оның 37-сі апаттық мектептердің орнына салынған.     
inform.kz
01 қыркүйек 2018 ж. 1 675 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031