Сырдарияның сол жағалауында электр желілері тартылады
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауын электр қуатымен жабдықтау мәселесі биыл жүзеге асады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Онда бірінші кезекте 35 кВ электр қуатымен қамтылады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов мәлімдеді. «Сырдария өзенінің сол жағалауын игеру жөніндегі шешім ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 17 шілдедегі қаулысымен бекітілген Қызылорда қаласының бас жоспары негізінде қабылданған», - деді облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов. Айта кетейік, сол жағалаудағы қала бөлігі 1532 гектарды құрайды. Оның 367 гектары - рекреациалық аймақтар құруға, 537 гектары - тұрғын үйлер, 190 гектары - сауда және офистік ғимараттар, 270 гектары әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің құрылысына арналған. Облыс әкімінің орынбасары «Қызылорда облысы Сырдария ауданы Ақжарма елді мекеніндегі электрмен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту» жобасы бойынша да құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатқанын айтты.
inform.kz